Четверг, 28.03.2024, 20:59
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
Интернет-сообщество педагогов Я - Учитель! Web100kz.com - каталог сайтов
Главная » Статьи » Педагогика и психология

Сұлулық сыры.

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің

әлеуметтік педагогы

Бахтиярова Асель Лукпановна

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:                                        Сұлулық сыры.

 

Сабақтың мақсаты: Балаларды өнер әлеміне баулу, эстетикалық талғамын  

                                      шығармашылық құзіреттілігі мен қиялдау қабілетін  

                                      дамыту, жан құбылысын сезімімен ойын көркем түрде  

                                      жеткізе білу талпынысын жетілдіру, сұлулыққа әдемі  

                                      киініп жүруге үйретіп қол моторикасын дамыту.

 

Көрнекілігі:                «Сұлулық салоны», сән үлгілері, қуыршақтар, айна, 

                                      тарақ , желім, қуыршақ көйлектері, бисерлер, 

                                      мойыншақтар, молина жіптер, ине жіптер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

 1.Сәлемдесу, балалардың көңіл – күйлерін сұрау.

 2.Назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Жаңа сабақ :   

Балалар бүгін біздің сабағымыз  «Сұлулық сыры» төңірегінде болмақ. Ендеше балалар сұлулықты әркім әр түрліше түсінеді, бірақ ол туралы жалпы түсінік бар. Табиғаттың сұлулығын шексіз сүйсініп, таңғалып тамсанамыз, содан ерекше ләззат аламыз. Жер бетінде барлық тіршілік иелерінің ең сұлуы адам көрінеді. Адам сұлу болу үшін іштей нағыз сұлу сезінуі керек. Мысалы: адам жмиып жүрсе, жылы келбетті көрінесіз, көңіліңізде көтеріледі. Балалар сұлулық пен сымбат тәрбиесінде халқымыз жан сұлулығын басты орынға қойған. Сонымен бірге тән сұлулығына басты назар аударған. Ертеде аналарымыз қыздары 7 жасқа келгенде беліне белбеу буындырып қойған, 12 ге келгенде жауырының астынан келетіндей етіп арқан керіп, үстіне жатқызған. Қыз сонда талшыбықтай бұралып бой жетеді. Қыздары әдемі киініп, сымбатты өсірудің мәні бар. Шолпы, маржан моншақ таққан қыздар оғаш қимыл жасаса, шолпы моншақтар салдырлап жағымсыз дыбыс шығарған, сол кезде оқыс қылығын дереу қойған. Епті қимыл, әдемі жүрісті шолпы, моншақ таққан сыңғырлап, қыз әсемдігін ерекшендіріп тұрады.

         Балалар, салауатты өмір салтын ұстанудың әдемілікке тиер пайдасы мол ма?

Әрине, балалар сұлулықтың бар сыры осыда емес пе?!

Салауатты өмір салтын ұстану әр азаматтын міндеті.

Балалар өткен сабағымызда біздерге сиқырлы Фея келіп кетті, ол бізге келесі келгенде тілектерімізді орындаймын деп уәде етті. Енді балалар сол уәдесінде сиқырлы Феямыз тұрды. Алыстан жер шарын айналып өзімізге өзінің сиқырлы шарымен келе жатыр екен,  өзінің сіздерге арналған тапсырмаларымен. Ендеше балалар сиқырлы Феямызды қарсы алайық . (Сиқырлы Фея шарымен ұшып келеді)

Балалар, Феяның сиқырлы сандығында хат жатыр екен, ендеше оқиық: Құрметті балалар!

Сендерде сұлулық салоныңыз бар деп естідім. Сендердің сұлулық салоныңызға шаштарын өндеп, әдемілеп, әсемдеу үшін көптеген қыздар кетті. Сендердің салоныңызда өте шеберлі қыздар бар деп естідім, қолдарыннан бәрі келеді, сабақты жақсы оқып әдемі киініп еңбекқор екен деп естідім. Енді міне бүгін мен сендердің қандай тілектеріңіз болса да орындайындеп келдім. Бірақ менің сендерге беретін тапсырмамды орындасаңдар барлық арман тілектерінді орындап беремін балалар.

 Қазір сіздердің салондарыңызға қыздар келіп отыр, сол қыздардың шаштарын өндеп, киімдерін әдемілеп, сәндеп берулеріңді сұраймын.

Ал ендеше балалар, сиқырлы Феяның тапсырмасын орындайық.

(балалар сұлулық салонға кіріп Феяның тапсырмасын орындайды)

         Жарайды балалар тапсырманы жақсы орындадындар. Енді өздеріңіздің тілектеріңізді қағазға жазып Феяның сандығына салып жіберейік. Ол үшін алдымен кім қандай тілек жазды екен, тыңдауға бола ма?!

(балалардың жазылған тілектері оқылады)

 

Қорытынды:

 Жақсы балалар қазір сыртқа шығып Феямен қоштасып шығарып салайық.

Осымен сабағымыз аяқталды. Сауболыңдар!

Категория: Педагогика и психология | Добавил: Kairat (12.09.2014)
Просмотров: 900 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Jxkcrx  
0
order lipitor 10mg generic <a href="https://lipiws.top/">lipitor 40mg cheap</a> buy atorvastatin 10mg

Имя *:
Email *:
Код *: