Четверг, 21.11.2024, 11:30
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
Интернет-сообщество педагогов Я - Учитель! Web100kz.com - каталог сайтов
Главная » Статьи » Информатика

Үйірме арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

ШҚО, Семей қаласы «№8 отбасы үлгісіндегі балалар үйі» КММ
І санатты информатика пәні мұғалімі Нургазина Жазира Сериккановна

Үйірме арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі кездегі шапшан жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болуы шарт. Ғаламдасуға байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болуы қажет. Осыған қарап ХХІ ғасырда мұғалімге қойылатын талаптар зор екенін көреміз.
К.Д.Ушинский оқушыларды сабаққа тарта білу, олардың оқуға қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттырып, білімге, құмарту керектілігіне аса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу, оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.
Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді, жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыруға жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, жаңа әдіс - тәсілдердін іздестіру қажет. Сабаққа қызығушылығы артқан оқушы, шығармашылықпен жұмыс істейді.
Оқушылардың ерекшеліктерін ескере отырып, пәнге деген ынтасын арттыру мақсатында үйірме жұмысын ұйымдастырып жүргізудің маңызы зор. Үйірме мүшелерінің шығармашылық қабілеттерін артуы,үйірме жұмысының қаншалықты дұрыс ұйымдастырылғанына байланысты. Егерде жұмыс дұрыс ұйымдастырылса оның білім берелік және тәрбиелік мәні өте зор. Ол жұмыстар оқушылардың практикалық дағдысын дамытып,шығармашылық қабілеттерін арттырады. Оқушылармен үйірме жұмысын жүйелі түрде жүргізіп отырған жөн. Біздің балалар үйінде «Мультимедия әлемі» атты үйірме жұмысы жасайды. Үйірмеге әр түрлі жастағы балалар қатысады. Үйірмеге қатысатын оқушылардың әрбірінде ашылмаған байлық,талант жатыр.Сол таланты ашу,оны ары қарай дамыту,арттыру жолында жұмыс жасап келемін. Қазіргі компьютерленген жаңа заманда әр оқушының заман талабына сай әлемдік дәрежеде білімді меңгеру,шығармашылық қабілетін арттыру- ең басты міндетім. Осыған орай балалардың үйірме жұмысына деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру-ең басты міндетім.
Осыған орай балалардың үйірме жұмысына деген қызыңушылыңын, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында қарапайым MS Word бағдарламасында автошебер көмегімен, Paint графикалық редакторда, фотоколлаж бағдарламасында, Power Point бағдарламасында өзіндік жұмыстарды жасауды тапсырма етіп беремін. Бұл тапсырмаларды орындауда балалардың шығармашылық қабілеттері артып, өз бетінше ізденіп,жұмыс істей біледі.

Үйірмеге қатысқан оқушылар әр түрлі деңгейдегі мәселен қалалық,облыстық,республикалық, халықаралық дәрежедегі шығармашыл сайыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болуда.
Бұгінгі күні ХХІ ғасырдың ақпараттанған,жан-жақты мәдениетті,іскер, өмірге икемделген,бәсекеге қабілетті дарынды шәкірт тәрбиелеу барша ұстаздың міндеті. «Білемін», «Үйренемін», «Білгенімді іске асырамын» деген өмірлік принциптерді,бала бойына қалыптастырып,олардың шығармашылық ізденістерін арттыруда қодан келгенше ұстаз ретінде еңбек етемін.

Категория: Информатика | Добавил: Zaza (03.09.2014) | Автор: Нургазина Жазира Сериккановна E
Просмотров: 1562 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Vipqxh  
0
buy lipitor 20mg online <a href="https://lipiws.top/">order atorvastatin 10mg pill</a> order lipitor

Имя *:
Email *:
Код *: