Четверг, 25.04.2024, 05:12
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
Интернет-сообщество педагогов Я - Учитель! Web100kz.com - каталог сайтов
Главная » Статьи » Химия и биология

Туған жер

Батыс Қазақстан облысы
Жәнібек ауданы
Өтепқали Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі
Мұғалімі: Апаханова Акманат Мендыгалиевна

Туған жер
«Қазақстан – 2050» даму стратегиясында көретілгендей, мәңгілік елге айналудың бірден-бір жолы туған жер табиғатын қорғау екенін ескерсек, бекітілген жобаның қаншалықты маңызды екенін көре алатын едік. Елбасымыз халыққа жолдауында: «біз туған өлкені қорғауда келешек ұрпақ алдында жауаптымыз» деген болатын. Расымен де туған жер дегенде біз өлкені ғана айтып қоймай, сол өңірде ғасырлап қалыптасқан қабырғалы елдің тыныс-тіршілігі мен салт-дәстүрін, мәдениетін қоса айтамыз. Биологиялық заңдылық бойынша жер климаты мекендейтін халықтың физиологиялық және рухани жан дүниесіне әсер ететінін ескерсек, онда көне тарих оқулығын қарап жатпай-ақ қазаққа жайсаң мінездің қайдан келгенін бірден аңғарар едік. Ежелден дала өркениеті мен қала өркениеті өзара тығыз байланыста болды. Далада туып, қала шаһарын мойындатқан Сүлеймен Бақырғани, Темүжін, Құрманғазы секілді дала перзенттері де аз болмады. Заман өзгеруіне сәйкес ол био тепе-теңдік те өзгеріп, бүгінгі таңда елімізде түрлі жағдаяттарға байланысты қала үлесінің көпшілігін көшкен ауыл тұрғындары құрауда. Соған орай жастар үшін «дипломмен ауылға» жобасы бекітілген еді. Соңғы жылдары Қазақстан экономистері нарықтың дамуының басында ауыл шаруашылығын дамыту тұр деген тұжырымдама жасап жүр. Күтімсіз қалған жерлерді игеру мен туған жер табиғатын қорғау шараларын ҚР үкіметінің нақтылы жоспарға енгізуі қуантарлық жағдай. Әрине адамның көкейінде туған жердің орны бөлек, шалғайда сағынып көргенше асығады. Туған жерді аялауды бесіктен үйретсе, ұлтжандылық рухы ерте оянып, өнегелі ұрпақтың қалыптасары анық.
Мұғалімдерге сабақтан өлкетану пәні барысында туған жерді тану экскурсияларын ұйымдастыру бұл жеткіншектердің ой өрісінің дамуына жол ашары даусыз. Елбасының «айналаңды нұрландыр», «жасыл ел» бағдарламаларына сәйкес туған жерді қорғау жөнінде бүгінде көптеген үндеухаттар таратылып отыр. Өткен жылы елордасы Астана қаласында «туған жер және келешек» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда Қазақстан Республикасының табиғат байлықтарын тиімді игеру жөніндегі мәселелер қамтылған еді. Мектепте соңғы жылдары сол мақсатта өзін-өзі тану пәні де өз қызметін бастап келеді. Дәстүрлі жыл сайынғы өтетін оқушылардың ғылыми жоба сайысы да тереңдей түсуде. Биылғы 2013-2014 оқу жылында өз шәкірттерім 8 сынып оқушысы Жұмабаева Бердігүл «Бөгет және Сай суларының экологиялық жағдайы» аудандық ғылыми жоба сайысын жеңіп, облыстық кезеңге қатысып келді және Ерболатова Әсем 10сынып оқушысы «Күйгенкөл су қоймаларының биоиндикаторлары» тақырыбы бойынша аудандық бауқауда ІІ орынға ие болды. Ізденімпаз шәкірттерім алдағы уақытта жұмыстарын жалғастырады.

Категория: Химия и биология | Добавил: kairasul (22.08.2014) | Автор: Апаханова Акманат Мендыгалиевна
Просмотров: 897 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Dvmyyo  
0
lipitor 10mg generic <a href="https://lipiws.top/">atorvastatin cost</a> order lipitor generic

Имя *:
Email *:
Код *: