Вторник, 23.04.2024, 23:47
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
Интернет-сообщество педагогов Я - Учитель! Web100kz.com - каталог сайтов
Главная » Статьи » Казахский язык и литература

4 сыныпта өткізілген қазақ тілінен "Отан" сабағы

« Отан»


Кабдуллина Салтанат Мырзабековна
Рузаев орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі.

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың Отан туралы түсінігін кеңейту, Қазақстан Республикасы туралы мағлұмат беру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу дағдыларын, ойлау
қабілеттер дамыту, сөздік қорларын байыту, ой-өрістерін арттыру.Өз Отаны туралы айта білуге үйрету.
3. Тәрбиелік: Оқушылардың отансүйгіштік сезімдерін арттыру, өз
елін, жерін құрметтеуге,сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Дәстүрлі сабақ
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Әңгімелеу, қайталау, түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: Сабақтың тақырыбын ашатын презентация,
интерактивті тақта.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- cәлемдесу;
- сұрақ – жауап ұйымдастыру;
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Қазақстан Республикасына байланысты суреттерді көрсетіп
(интерактивті тақтада), әңгімелесу .
2.Отан өлеңін оқу,мағнасын ашу
Отан
Отан – сенің ата-анаң,
Отан – досың,бауырың,
Отан – аудан,ауылың
Отан - өлкең,астанаң.

3.Жаңа сөздермен жұмыс:
кіші Отан – малая Родина
тұрғын үй – дом,в котором живет
бақытты – счастливый
көршілер - соседи
Сөздерді дауыстап, жеке-жеке оқыту;
Сөздермен сөз тіркестерін, сөйлемдер құру.
Мысалы:
Менің кіші Отаным бар.
Қазақстанда барлық балалары бақытты.
Біз көршілерімізбен тату- тәтті тұрамыз
3. Мәтінмен жұмыс: Қазақстан – менің Отаным.
Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақтан – біздің Отанымыз. Ол – тәуелсіз
мемлекет.
Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев. Республикамыздың бас қаласы – Астана.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан –
өзінің салт-дәстүрі, мемлекеттік рәміздері бар ел. Қазақ халқы –
қонақжай халық.
Отан туралы мақал – мәтелдер интерактивті тақтада жазылып тұрады.
Мұғалім оқып,мағынасын түсіндіреді.
1.Отан - отбасынан басталады.
2.Отансыз адам, ормансыз бұлбұл.

4.Сергіту жаттығу:
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздiжазайық.
Оңға-оңға түзу тұр
Солға-солға түзу тұр
Жоғары-төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.

Мәтінді мұғалім оқиды;
1-2 оқушыға оқыту;
1 сөйлемнен оқып, аудару;
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру;
Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп,буын түрлерін анықтау.
5. «Кім сұрақтарға тез жауап жазады?» ойынын ойнау.
1.Отан деген не?
2.Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны?
3.Қандай адам бақытты?
4.Отанды сүю неден басталады?
(Сөздерін оқытып, жеңімпазды атау)
ІV. Сабақты қорыту:
Мәтінге сүйеніп тірек-сызба құру
Тәуелсіз мемлекет
Біздің Отанымыз
Қазақстан
Туған жеріміз
Бас қаласы – Астана
V. Үй тапсырмасы:
- жаңа сөздерді жаттау;- тірек сызбаны жаттау;
34 – бет,2 жаттығу.
VІ. Бағалау Рефлексия

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Речной1 (08.12.2014) | Автор: Кабдуллина Салтанат Мырзабековна E
Просмотров: 1031 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Kcixss  
0
lipitor ca <a href="https://lipiws.top/">buy lipitor 40mg</a> buy atorvastatin 40mg online

Имя *:
Email *:
Код *: