Пятница, 29.03.2024, 08:36
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
Интернет-сообщество педагогов Я - Учитель! Web100kz.com - каталог сайтов
Главная » Статьи » Казахский язык и литература

урок по казахскому языку в 8 классе

Рузаевская средняя школа
разработка урока казахского языка в 8 классе "Қазақстанның ірі қалалары"
Жанайдарова Гульмира Бексултановна, учитель казахского языка и литературы 1 категории
2014 год
Тақырып :Қазақстанның ірі қалалары
Сабақтың мақсаты :Оқушыларды ізденіс жұмысына баулу.Қазақстанның қалалары туралы мәлімет жинақтау арқылы жаңа білім алу
Сабақтың міндеті : Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін арттыру. Оқушылардың лексикасын байыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Топта жұмыс істеуге баулу, ақпараттарды зерттеу барысында сыни тұрғыдан ойлау, ортақ қорытынды шығару қасиеттерін арттыру. Өз Отанын, халқын, жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : ізденіс сабағы.
Сабақтың типі :аралас сабақ.
Сабақтың әдіс – тәсілдер : СТО стратегиялары
Сабақтың формасы :жеке, жұптық, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі : интербелсенді тақта, кесте, оқулық, электрондық оқулық, зерттеу жұмысының кестесі,
Пәнаралық байланыс : орыс тілі, информатика, Қазақстан тарихы.
Сабақтың барысы :
І. Қызығушылықты ояту сатысы
Тренинг «Бір шаңырақтың астында»
Үй тапсырмасын тексеру.
Презентация дайындап әкелу. (Алматы, Астана, Петропавл туралы)
ІІ. Мағынаны тану сатысы
Фонетикалық жаттығу.
Біз өткен сабақтарда қандай жұмыспен айналыстық ?
Қазақстан қалалары туралы әңгімеледік.
Дұрыс, бүгін гісабақта осы тақырыпты жалғастырамыз және қорытындылаймыз
Сабағымыздың басында «Әлем қалалары» туралы айтайық.Ол үшін үстелдің үстінде жатқан папкаларды ашайық. Бірінші бетінде өлең берілген. Өлеңнің бірінші қатарында қала аттары жазылу тұр. Екінші қатарда – несімен сол қала даңқты екенін көрсететін сөздер берілген.
Сәйкестігін табыңдар.
ӘЛЕМ ҚАЛАЛАРЫ
Қалалар бар әлемде,
–Кремлімен
НЬЮ – ИОРК –Ақүйімен
МӘСКЕУ –ҚожаАхмет кесенесімен
ВАШИНГТОН –София мешітімен
СТАМБУЛ –Бродвеймен
САНКТ – ПЕТЕРБУРГ –Эйфель мұнарасымен
ТҮРКІСТАН –халқының санымен
МЕХИКО –Эрмитажымен
СОЧИ –Медеуімен
ӨСКЕМЕН –Бәйтерегімен !
АЛМАТЫ-демалыс үйлерімен
Ал, Астана ше ?
спорт сарайымен
Қазақстан картасымен жұмыс.

Әлем қалаларын жақсы білесіңдер, бірақ біздің тақырыбымыз «Қазақстан қалалары». Оларды қалай білесіңдер қазір тексереміз
Сұрақтар:
Астыққа бай өлке, біздің облысымыздың орталығы. Петропавл
Оңтүстіктегі астана. Алматы
Қазақстанның бас қаласы
Қазақстаның орталық аймағында орналасқан, алтын өндіретін, ауыл шаруашылығымен айналысатын қай өңір? Жалтыр
Оңтүстік шығыста орналасқан ауыл шаруашылығымен айналысады, жеміс – жидек мол жер? Талдыкорган
Ұлы ақын Абай, Мұхтар, Шәкәрімнің туған жері? Семей
Шығыста орналасқан, полиметалл рудасын өндіреді? Өскемен
Орталықта орналасқан, көмір, қараметалды аймақ? Караганда
Республиканың оңтүстігінде орналасқан күріш өсірумен айналасады? Қызылорда
Батыста орналасқан, газ, мұнай өндіреді, бай өлке? Атырау
Республиканың солтүстігінде орналасқан, ауыл шаруашылығымен айналасады, темір рудасын өндіреді? Костанай
Топпен жұмыс.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз күндегі сабақтан ерекше болмақ. Себебі біз екі топқа бөлініп, зерттеу жұмысын жасаймыз.
-Үш топ: А тобы – ежелгі қалаларын зерттейді.
Б тобы – Солтүстік қалаларын (Астана мен Петропавл) қалаларын зерттейді

- Топтың ішінде әр оқушының қызметі болады
А – 1 –жетоны бар оқушы - ЗЕРТТЕУ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
КОНСУЛЬТАНТ қызметін атқарады
А – 2 – жетоны бар оқушы - ЛИНГВИСТ қызметін атқарады.
А – 3 – жетоны бар оқушы - ТАРИХШЫ қызметін атқарады
А – 4 – жетоны бар оқушы - ГЕОГРАФ қызметін атқарады
Әр топқа зерттеу жұмысының жоспары берілді

ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
1. Географтардың зерттеу жұмысы
- географиялық орналысуы
- қаланың көлемі
- халықтың саны
- қала мәртебесін алған жылы
2. Тарихшылардың зерттеу жұмыстары
- қаланған жылы
- бұрынғы аттары
- мәдени орындары
- тарихи ескерткіштері
3. Лингвисттердің зерттеу жұмысы
- құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасау ;
- фонетикалық талдау жасау;
- сөз құрамына талдау жасау;
- септеу, жіктеу, тәуелдеу;
4. Жетекшінің зерттеу жұмысы
- топтарды басқару;
- түсініксіз, таныс емес, бұрын кездеспеген сөздерді , сөз тізбектерді түсіндіру;
- топтардың оқулық іскерліктерін ұйымдастыру;
- оқушылардың сөйлеу сапасына, сөздік құрамына, дыбыс ерекшеліктеріне басты назар аударып ,керекті жерлерін түзетіп , қайталатып, қажет сөзді табуға көмектеседі.
5 кезең. Зерттеу жұмысы
- компьютермен жұмыс
- мәтінмен жұмыс
- жоспар бойынша зерттеу жұмысы
6 кезең. Қорғау кезеңі.
1. Басшылар.
- мәтіннің мазмұнын айту

2. Географтар. Жоспар бойынша кестені толтырып, қорғайды.
Ежелгі қалалар Астана Петропавл
1. Географиялық орналысуы
2. Көлемі
3. Халықтың саны
3. Тарихшылар. Жоспар бойынша кестені толтырып, қорғайды.
Ежелгі қалалар Астана Петропавл
1. Қаланған жылы
2. Бұрынғы аттары
3. Мәдени орындары
4. Тарихи ескерткіштері
5. Қала мәртебесін алған жылы
4. Лингвисттер. ФОНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ


ӘРІП ДЫБЫС ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАР
жуан жіңішке ашық қысан еріндік езулік қатаң ұяң үнді
А
Л
М
А
Т
Ы
(Ежелгі қалалар тобына Жаркент сөзі беріледі, Солтүстік қалалар тобына ПЕТРОПАВЛ)
2.Төмендегі сөздерді сөз құрамына қарай талдаңдар.
Ежелгі қалалар – Желтоқсаннан , Солтүстік қ -Жерінде .
3. Морфологиялық талдау жасаңдар.
А - Көктөбе аспалы жол. Б – Жиырма бірінші ғасырда. М-Астықты аймақ
4. Құрмалас сөйлемге синтаксистік талдау жасаңдар.
(Оқушылар өздері мәтіннен тауып алады)

Ежелгі қалалар тобы дайындаған презентацияны көрсетеді.
7 кезең. Бекіту кезеңі.
- Бүгінгі сабақта алған білімдерінді тест бойынша тексереміз. Бір – бірімізді қалай тыңдадық. Тест сұрақтары алмастырып берілген. Мысалы: Алматы қаласын зерттеген топ тек қана Астана, Петропавл қалалары туралы сұрақтарға жауап береді.
8 кезең. Қорытынды.
(Рефлексия арқылы).
Топ Сабақта не істедік ? Сабақта не үйрендік? Сабақ ұнады ма ?
А
Б
М
9 кезең. Баға қою.
Үй тапс. басшылар геогр\р тарих\р лингв\р қорытынды
Ежелгі қалалар тобы
Солтүстік қалалар – тобы
10 кезең. Үй тапсырмасы

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Речной1 (10.09.2014) | Автор: Жанайдарова Гульмира Бексултановна E
Просмотров: 1749 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 Ppsgtu  
0
buy atorvastatin pills for sale <a href="https://lipiws.top/">atorvastatin sale</a> lipitor 20mg price

Имя *:
Email *:
Код *: