Главная » Файлы » Педагогика и психология |
[ Скачать с сервера (504.0 Kb) ] | 12.09.2014, 22:00 |
БҚО,Жәнібек ауданы Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті. Насенова Светлана Бахтыгалиевна I санатты психолог.
Сабақтың тақырыбы: Сөз басы – сәлем Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сөз анасы сәлем екенін айта отырып, әдепті,сыпайы адамдар арасында сәлем бермей өтуге ешқашан жол бермеу керектігін түсіндіру.
Түзету мақсаты: Оқушыларды өз бетімен тапсырманы орындай білуге жолдастары арасында жағымды қарым- қатынас орнатып, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға шынайылыққа мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс
Көрнекіліктер: Мақал мәтелдер жазылған және күн шуағы бар плакаттар, смайликтер.
Сабақтың барысы Ұйымдастыру бөлімі 1.Тренинг Сәлемдесу Үлкенге де «Сіз», кішіге де «Сіз», бар адамға құрметпен, бас иеміз біз. Күнделікті өмірдегі адамдардың қарым-қатынасы, бір-біріне жылы лебіз білдіруі сәлемнен басталады. «Сөздің саласын табу қиын емес, анасын табу қиын» деген екен жыр алыбы Жамбыл атамыз. Сәлем – сөз басы, сөз анасы.Сондықтанда бүгінгі жаңа сабағымыз Сәлем сөз – басы. Ол – ұлттық тәрбиеміздің негізі, әліппесі десе де болғанды. Қазір сәлемдесудің түрі көп, десек те болады. Мысалы: ер азаматтар «Ассалаумағалейкум!» деп амандасады. Мұсылманша «саған алланың 1 нұры жаусын » дегенді білдірсе, бұған «уағалейкум ассалам» (маған алланың 1 нұры жауса сізге 2 нұры жаусын !) деп жауап берген екен. Қазақ елі бұрыннан төс қағыстырып амандасқан. Мал, жан аман ба деп сұраған. Кей адамдардың сәлемі сатулы қабағы қатулы болады. Жылы шыраймен кішінің үлкенге сәлем беруінен, адамдардың бір-бірімен амандасуынан сыйластық пен құрмет, ізеттілік ізі байқалып тұрады. Демек, сәлемдесуде үлкен мән бар. Сәлемдесу арқылы да адамның кескін кейпі, болмысы, көңіл-күйі байқалып тұрады. Кейбір елдерде мысалы: Үнді елінде сәлемдескенде 2 қолын маңдайына қойып амандасады екен ал, Жапонияда амандасқанда оң қолын жүрегіне қойып амандасатын болған. Түрік елінде бастарын төмен қарап амандасады да теріс қарамай келген бетімен шығып кетеді екен. Әр елдің салттары әр басқа иттері қара қасқа деген екен атам қазақ.
2. Тренинг Танысу Оқушылар қандай да бір адамның есімінің алғашқы әріпіне жағымды сөз қосып айту. Әдепті – Әлия,Үлпілдеген – Үміт, Жағымды – Жұлдызай, Мейірімді – Мәди, Нұрдай – Нұрлыбек , Аяулы – Ақсамал, Аққудай – Аружан, Оқымысты – Оңалбек. 3. Мақал-мәтелдерді түсіндіру. 4. Өмірлік кеңестерге шолу. Компьютерден слайд көрсетіледі. 5. «Мен қандай адаммын» Тренинг. Өзіңді таны /Әр адамның бірінші сыншысы өзі/ 1. Кіммін? 2. Қандаймын ? 3.Не істедім ? 4. Өзің туралы өз пікірің
6. «Көңіл күй» жаттығуы. Көңілді , көңілсіз қызбен ұлдардың суретін табу. [эмоции] / эмоциялар-қорқу, ашулану, ренжу, қуану, таң қалу, мұңаю, жиіркену/ [эмоции 001]
7. Тренинг: «Жұбын тап» Адам мінезімен сұлу. Дөрекілік - Әдепті Ашуланшақ - шыдамды Әдепсіз - Көпшіл Ұстамсыз- қарапайым Тәкәпарлық - Сыпайы Әдепсіз - көпшіл Өзімшіл - Сабырлы Тәкәппарлық - Сыпайы
8 Тренинг: «Төреші бол » Қорытынды: Сөз басы –Сәлем. Күннің шуағы арқылы қорытындылау. Бүгінгі сабақ туралы қорытындылайық сәлемі түзу оқушы қандай болу керек. | |
Просмотров: 1268 | Загрузок: 61 | Комментарии: 3 | |
Всего комментариев: 3 | ||||
| ||||