Воскресенье, 22.12.2024, 05:31
Главная Регистрация RSS
Приветствую Вас, Гость
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
Интернет-сообщество педагогов Я - Учитель! Web100kz.com - каталог сайтов
Главная » Файлы » Казахский язык и литература

Киім дүкенінде
[ Скачать с сервера (39.0 Kb) ] 15.02.2014, 20:22

Солтүстік Қазақстан облысы,

Қызылжар ауданы,

Якорь орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Иманбекова Заура Қоспанқызы. 


Сабақтың тақырыбы: Киім дүкенінде 


Мақсаты: Оқушылар киім дүкені туралы әңгімелесе алуы тиіс. Оқушыларды тақырып бойынша дұрыс сөйлеуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, тіл байлығын дамыту. 
Көрнекілік: Киім суреттері, парақшада мәтін, ватман, стикерлер. 
Сабақ барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
Қайырлы таң достым 
Қайырлы күн болсын! 
Сәрсенбінің әр кезі 
Сәттілікке толсын. 
Балалар, мен бүгінгі сабақта бәрімізге сәттілік тілеймін. Ал сендер бір-бірлеріне не тілер едіңдер. 
2. Үй тапсырмасын тексеру. Тест түрінде. 
3. Топқа бөлу.Ашық хаттардың қимасын жинай отыра, үш топ құру. 
Қызуғышылығын ояту. Интербелсенді тақтада күймен сүйемелденген слайдтар көрсетіледі(киімдер көрсетіледі). 
Балалар, слайдтардан нелер көрдіңдер? 
Бұл суреттер туралы не айта аласыңдар? 
Осы суреттерге қарай отыра, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын шығарып көрейікші. Енді жаңағы жауаптарымызды сараптай отыра, бүгінгі сабағымызға қандай мақсат қоюға болады? Ал бұл киімдерді қайдан аламыз. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болады екен. Алдарыңда бағалау парақтары, сол бойынша әр тапсырмадан кейін өздерінді бағалайсыздар. 
Сөздік жұмысы. 
Әр топқа қысқы, жазғы, ұлттық киімдерді беру. Осы суреттер бойынша сөз тіркестерін құрастыру. Әр топ өз жұмысын қорғайды. Келесі тапсырма мәтінмен жұмыс. 
1топ-мәтінді аударады 
2топ-мәтін бойынша сұрақтар құрастырады 
3топ-мазмұнын айтады 
Әр топ өз жұмысын қорғайды. 
Ал қазір біз киім дүкенің ашамыз. Ол үшін сіздер кластер жасайсыздар. 1топ-қысқы киім дүкені 
2топ-жазғы киім дүкені 
3топ-ұлттық киім дүкені 
Әр топ қорғайды. 
Рефлексия. Кубизм әдісі. 
Сұрақтарға топпен жауап жазады. 
1. Қысқы киім мен жазғы киім айырмашылығы. 
2. Ұлттық киім туралы не білесің? 
3. Киімдерге байланысты бір-бір сөйлем құрастыр. 
4. Тірек сөздер арқылы жұмбақ құрастыр 
5. Ұлттық киімнің айырмашылығы 
6. Киім туралы мақалды тап 
Сабақта не ұнады, не ұнамады стикерлерге жазу. 
Үйге тапсырма:киім туралы мақал-мәтелдер тауып, жаттап келу. 
Бағалау.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Kairat
Просмотров: 2623 | Загрузок: 87 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
2 Nglwwg  
0
order atorvastatin 80mg pill <a href="https://lipiws.top/">order atorvastatin 80mg online cheap</a> cheap atorvastatin 10mg

1 Ixtbka  
0
buy lipitor 20mg for sale <a href="https://lipiws.top/">atorvastatin over the counter</a> order lipitor 80mg

Имя *:
Email *:
Код *: